ҚОБЫЛАНДЫ БАРЛЫҒЫНА КІНӘЛІ

Жарияланды 2019 ж. 30 Қар.
Бәрінізге Ассалаумалейкум
Екі жауырыны қақпақтай, екі білегі тоқпақтай, екі иығына екі адам мінетіндей еңсегей бойлы, қара күштің иесі, күллі қазақтың мақтанышы, аты аңызға айналған Қара Қыпшақ Қобыланды батыр жайлы сізге Білген Дұрыс!
1457-жылдың шіліңгір шілдесі. Ақжол би өлді. Әкесі Қотан жырау алты қанат ақ орданың ішін басына көтеріп, аңырап отыр.
-Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді құлыным,
Сексен асып, таянғанда тоқсанға,
Тұра алмастай үзілді ме жұлыным?!
деп қобыздың үнімен қосылған жоқтау тыңдар құлақтың сай сүйегін сырқыратты. Бұл жоқтаудың сөздері көңіл айтып келіп отырған Керей мен Жәнібекке де ауыр тиді. Жалпы Ақжол бидің қазасы күллі қазақты тітір еткізді.
Басының мылжа-мылжасы шығып, ақ кебінге оранып жатқан Ақжол бидің өліміне тікелей Қобыланды кінәлі.
Оқиға былай болған еді: Арғынның биі Ақжол мен Қыпшақтың батыры Қобыланды көптен бері бір-біріне деген өшігіп алған-ды. Бұл істің бітімі тек олар үшін-өлім еді. Бұл екеуінің арасына шоқ тастаған атаңа нәлет Әбілқайыр хан. Ол қазақтың азулы Арғын мен Қыпшағын бітістіргісі келмеді. Біріккен жағдайда Керей мен Жәнібектің көшіне басшы мен қосшы боларына күмән келтірмеді. Осылайша ертеден бас батыры болған аңғал Қобыландыны Ақжол биге айдап салды. Ел сыртында Ақжолдың 1-2 нөкерімен ғана оңаша жүргенін пайдаланып, қолындағы шоқпарын тұп-тура басына сілтеген Қобыланды тіл тартқызбай өлтірді.
Ел іші азан-қазан. Ашуға булыққан Керей мен Жәнібек , Әбілқайыр ханнан Қобыландының басын сұрады. Бірақ, Әбілқайыр бермеді. Қобыланды батыр 5000 шаңырағымен көшуге мәжбүр болып, Тарбағатай өңіріне босып кетті.
Осылай ай мен жыл өтті. Аңғалдығы мен алкеуделігінен опық жеген Қобыланды атажұртынан ажырады.

1465-66-жылы Қазақ хандығы қазығы қағылып, шаңырағы көтерілді. 1469-жылы Әбілқайыр хан ауыр қолмен аттанып, жас мемлекетті жөргегінде түн шықтырғысы келді. Алайда, жол үстінде бір аптадай төсек тартып жатып қалған Әбілқайыр хан 60 жасқа таяп қалған шағында қайтыс болды. Бұл оқиғадан кейін елдің бірлігі бүтінделе бастады. Елдің елдігін, ерлігін жырлаған көшпенділердің абызы Асан қайғы ендігі уақытта Қобыландыны елге қайтару қамына кірісті.

Ақыр соңында Қобыланды батыр қалың Қыпшақ халқымен келіп Қотан жыраудың алдынан өтіп, күллі Арғыннан кешірім сұрады. Атасының құнын кешкен қазақ, өз баласын өзегінен теппей ел бірлігі үшін рақымшылық жасады. Арғын мен Қыпшақ қазаны бірге қайнап, кеудесі бөлек жаны бір жұртқа айналды.
Қобыланды батыр Жәнібек хан тұсында қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болды.
Ол Бақтияр бастаған өзбек әскерінің төбесінен жай түсірді. Қазақты шауып алмақ болып аттанған өзбектерді бірнеше рет тойтарып, халыққа төнген қара бұлтты сейілтті. Осындай жорықтардың бірінде Әбілқайырдың кіші баласы Шайх Хайдар бастаған арнайы жасақ кеңес құрып отырған Жәнібек ханның үстінен түспекші болды. 500 ге жуық таңдаулы баскесерлерімен аттанған Шайх Хайдардың алдынан Қобыланды батыр, Жәнібектің баласы Қамбар батыр, Бұрындық сұлтандар күтіп алды. Қайшылап келіп соқпақшы болған өзбек әскерінің тас талқанын шығарды. Сол кезеңдерде Қобыландының жасы елуден асып, алпыстарға таяп қалған тұсы еді. Қайратынан қайтпаған кәрі қырандай Қобыланды өзбек әскерін қынадай қырды. Бүйрегі бүлкілдеп, еті қызған алпамсадай батыр, бас сауғалай қашқан өзбектердің соңынан қуа жөнелді. Ақырында серіктерінен алыстап кеткен Қобыландыны жазым етпекші боп, арыстанға жабылған қаншықтардай тарпа бас салды. Дес бермеген қара күш иесіне шамасы жетпейтінін білген баскесерлер арқан-жіптерін лақтырып жерге ұрып жықты. Әбден әлсіреп дымы құрыған Қобыланды батырды найзамен түйреп өлтірмекші болғанда, Саян батыр бастаған қазақ әскерлері тұтқиылдан тиіп, қорғап қалған болатын.
1511 жылы Қасым хан таққа келді. 1516-1517 жылдары Қазақ хандығының әскері үш жүз мыңды құрады. Қобыланды батыр осынау алып күштің тұтқасы болды. Осы уақытта Әмір Темірдің шөбересі Бабыр патша Дели сұлтандығын жаулап алмақ үшін Қасым ханнан көмек сұрайды. Қасым хан өтінішін қайтарған жоқ. Өйткені өзбек басшысы Мұхаммед Шайбанидың күшейіп кету қауіпі тұр еді.
Үнді сахарасына Қобыланды бастаған 20 мың қазақ жауынгері аттанды. Қазақ жауынгерлерін үнділердің алып пілі, парсылардың қара бура түйелері күтіп алды. Бұндай мақұлықтарды қазақтар бірінші рет көрсе де сес берген жоқ. Қайта қазақты көрген мақұлықтар иелеріне бағынбай үрке қашты.
Қобыланды құбыжық! Қобыланды алпамса! Қапсағай денелі Қобыланды! деген қорқынышты ұрандар қазақ жауынгерлерін алдыңғы шепке шығарды.
Азияның барысымыз деп жүрген үнділер, қазақтың көкжалдарының жемтігі болды. Қарабайыр қазақы жылқымен-ақ, үндінің мың қырық пілін жапырып өтті. Қобыланды бастаған алдыңғы үш лек әскер үшкір найзаларын піл біткеннің бәріне жаңбырша жаудырды. Қара бура түйелеріне байланған зеңбіректерін атқанша, қазақтың ысқырық жебелері қарша борады. Үнді мен парсылардың арғы бабалары да біздің сақтардан осылай күйреген еді. Бабыр патша мұндай жылдамдықпен жеңіске жеткеніне таңданысын білдіріп, айтарға ауыз таппады.
Толығырақ Видеода...

Пікірлер

  • Арнаға қаржылай көмек KASPI GOLD 5169 4971 7661 3655 Qiwi КОШЕЛЕК +7 747 409 2531 Жарнама немесе серіктестік үшін vk.com/programs2017

    • Өтірікшісіңдер калай көмектесемиз каржылай еще акша сұрайсыңдар шығарсаңдар өздерің құлқындарың үшин шығарыңдар.

    • Мадара Учиха qotagymdÿ zhemeśi

    • @Али Д.Енидже сен кімсің сонда,бауырым ажалымыз келсе бәрімізде қайтыс боламыз.

    • BILGEN DURYS avtor dalbaeb, ólip ketśi, mal, eśek

    • @stepnyak gogl мен батыр, билер жоқ деген жоқпынғо?

  • Отрик

  • Сонымен батырды6 кiн9сi неде болды?

  • Осы Ұлан Батор жайлы видео жоқ екен қазақша

  • бул не енди казагым

  • Тарихты білген дұрыс,істеп жүрген ісінізге береке бересің Бірақ! Қобланды ата бабамызға бұлай кір келтіргенініз Жарамас!Хайп деп адамдар көрсің деп жасап отырғанынды түсініп отырмын,әйтпесе адамдар қарамайды деп,әйтсе де әр нәрсенің өз шегі болады,мойнызға ауыр күнә алманыз,сананызға берсің,былай артық кетпеніз,керек қылған адамдар өздері тауып ашып қарап алады,тарихты білмейтін,қызықпайтын адамдар е солай шынымен рас екен деп сеніп видионы ашпай ары қарай кете береді,Сондықтан видионың атын өзгертуін талап етемің! Ата бабамызға тіл тигізіп алысқа бармайсыз!Бұлай қатты айтпасақ сөз ұғар емессіз!Менің ұсынысым видионың атын "Қобланды мен Ақжолдын арасындағы жекпе -жек" деп ауыстырыныз!

  • не деп бұттың арасындағы ны жеп отырсың? тарихты өз атыңа жазбақсыңба?

  • Кыпшактармен согыспаган дурыс... Жагага жабыссан жаудай боласын... Бекер айтпаган КАЗЕКЕМ куштимин десен Кыпшакпен курес деп... Кыпшактар💪💪💪

  • Немене сандырактап отырсын

  • Егер казирги Казак пен казирги Ногайлы,казирги Озбек болинбегенде,казир 150 миллионан артык болмаса кем емес иргели ел болар едик,орыс пен кытай бизге бодан болар еди.Ал казакыланып Казак елин курган Жанибек пен Керей султандар казирги алсиздигимизге тикелей кинали.Егер болинбегенде,осыдан уш гасыр бурын ,орыстар Ногай бауырларымызды кырмас еди.Жонгар тайшысынында батылы жетпес еди.Актабан шубырынды,Алка кол суламагада кинали осы Керей мен Жанибее.

  • Басын ыстемесе ко...н алып коса алмайсын видие жуктеме

  • Basha barma

  • Кобланды батыр жау емес,ол нагыз шери казахтын ,мына провакаторды табу керек

  • Сігілш

  • Диван Батыр, қатырдың

  • по крайней мере как абулхаир он не предавал свой народ руским ,или как наурызбай батыр небыл на стороне джунгар и не убивал свой народ а когда казахи дали пиздюлей он переметнулса к казахам

  • Тақырыбын өзгерт

  • ну да настоящий батыр наурызбай джунгарский полководец

  • Ақжолды өлтіргеннен кейін Қобыланды бабамыз Тарбағатайға емес, өзінің отаны Торғайға кетеді. Кейін Әбілхайыр өлгеннен кейін қазақтарға келіп қрсылады.

  • Іріткі екенсің автор Қобландыда шаруаң болмасын

  • Админ мұның жарамады

  • Тым болмаса откендi еске алып араласудын не жаманы бар? Синцзяндагы кандастардын жагдайын ойлагандар бар ма екен?

  • Қобыланды екеу болған ба біреуі ежелгі жырда қызылбастармен соғысқан.

  • такырыпты дурыс жазсаи бауырым

  • Тусиниксизго чето Керей мен Жанибек Кобыланды батырдын басын сураса оздерине калай косып алган?🤔

  • Отирик сияктыго пилдеримен косып айырып жиберди дегени?казахтар нестеп жур индиямен согысып??баска да жаулар жетедиго

  • Қ

  • Посмотрите пожалуйста вся правда тут kztorrent.info/watch/ZHmyrIGC2XV8nbA.html !!!

  • Анам руы Қара-Қыпшақ Қобыланды.

  • 👊

  • Автор нағыз топас екенсің! Қобыланды Қазақтың бас батыры десең өлесіңба? Атаңа нәлет бұндай жолмен ақша тапқанша басыңды дуалға ұрып жара салмайсыңба? Бабаларды қорлама миың болса басыңда!

  • Тарихи факт, тарихи тулга шеге оган мен оз ой орисмнин шапанын илем. (Исторический факт, историческая личность это гвоздь на который я вешаю плащ своей фантазии. А.Дюма. )Мына сиздин мылжыныныз аурудын сандырагы. Бред. Обоснуй все сказанное не на днгр- дынгр . Казак айтпакшы : боспнин боспеси боспеге лайык.

  • Есенберллиннің ертегі шындыққа айналады деп ойламаппын

  • Бул дурыс акпарат Шайбанидын зулымдыгы гой.Бул биздин тарихымыз.

  • Не в тему

  • Генанын жанкуйеулери бармысындар, лайк басамыз kztorrent.info/watch/dIulj5ai0Ypxarg.html

  • ҚАЗАҚТАР! МЫҢА "BILGEN DURYS" КАНАЛЫ ҚАЗАҚТАРДЫ АРАҢДАТУҒА КӨШТІ. БҰЛ КАНАЛ ГИЕНА КАНАЛ БОЛЫП ШЫҚТЫ. МЫҢАЛАРДЫН МАҚСАТЫ ҚАЗАҚТАРДЫ РУ РУҒА ҚАРСЫ САЛЫП ЖАНЖАЛ ТУҒЫЗУ МАҚСАТЫ. ӘІДЕЙІ ҚОБЛАНДЫ БАБАМЫЗДЫ ҚАРАЛАП ҚАЛЫҢ ҚЫПШАҚТЫ АРҒЫНДАРҒА ҚАРСЫ АЙТАҚТАТПАҚШЫ. БҰЛ КАНАЛДАН ОТПИСКА ІСТЕНДЕР, КІРМЕНДЕР! МӘЖҮН БОЛМАНДАР БҰЛАРДЫН АРАМ ПИҒЫЛМЕН СӨЙЛЕГЕНДЕРІН АУЫЗДАРЫНДЫ АША ТЫҢДАП!!!

  • Автор, тормазсынба!?

  • Білген дұрыс видео қашан шығады

  • Далелмен факт мен сойлейк